Жәнібек Әлімханұлы The Ring рейтингінде жоғары көтерілді

Атақты The Ring басылымының сайты орта салмақтағы үздік 10 боксшының жаңартылған рейтингін жариялады. Аталған рейтингте қос қазақстандық боксшы бой көрсетті.

Үздік ондықты IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин бастап тұр, екінші орында — WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарло, ал үшінші сатыда WBO белбеуінің иесі Деметриус Андраде орналасқан. Алдыңғы рейтингте оныншы орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы бір саты жоғарылап, тоғызыншы орынға табан тіреді. 

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ТОП-10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)

2. Джермалл Чарло (АҚШ)

3. Деметриус Андраде (АҚШ)

4. Сергей Деревянченко (Украина)

5. Риота Мурата (Жапония)

6. кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

7. Роб Брант (АҚШ)

8. Хайме Мунгия (Мексика)

9. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

10. Лиам Уильямс (Ұлыбритания).

Метки: