Жәнібек Әлімханұлы соңғы айқасынан кейін мәлімдеме жасады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британдық боксшы Дензел Бентлиді (17-2-1, 14 КО) жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу бүгін, 13 қараша күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 116-112, 116-112, 118-110 есебімен жеңіске жетті. 

Жекпе-жектен кейін Әлімханұлы "Келесі кім", - деп Twitter парақшасында мәлімдеме жасады. 

Айта кетейік, бүгін Жәнібек бірінші рет WBO белбеуін қорғады. Кездесуден кейін отандасымыз қарсыласы туралы да пікір білдірді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport