Жәнібек Әлімханұлы Шавкат Рахмоновпен кездесті

©janibek_alimkhanulyteam

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (18-0) кездесті. Екі спортшы да өткен жылғы жекпе-жектерінен кейін тынығып, қалыпқа келу үстінде. 

Кездесу жайлы Жәнібек instagram парақшасында жазба жариялап, Шавкатқа сәттілік тіледі. 

"Көк ту желбірей берсін! Шавкат бауырыма тек сәттілік тілеймін!" - деп жазды Жәнібек.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтериді нокаутпен жеңіп, екінші чемпиондық атағын жеңіп алған еді. Ал Шавкат болса кейінгі өткен жекпе-жегінде америкалық Стивен Томпсонды ұтып, UFC чемпиондық атағына жақындай түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: