vRINGe.com порталы рейтингін жаңартты. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) өнер көрсететін орта салмақта өзгерістер болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осылайша, америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңген Жәнібек топ-10 тізімге кіріп, жетінші орынға жайғасты. Ал тоғызыншы болған Брант үздік ондықтан шығып қалды.
Дивизион көшбасшысы өзгеріссіз - Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО).
Еске салайық, Әлімханұлы өткен демалыста Лас-Вегастағыө бокс кешінде жұдырықтасты. Алтыншы раундта ол Роб Брантты нокдаунға түсірді, ал сегізіншіден кейін америкалықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осыдан кейін Жәнібек орта салмақ чемпиондарын айқасқа шақырды.