Жәнібек Әлімханұлы мен 18 нокауты бар экс чемпион айқасатын бокс кешінің билеттер құны айтылды

Сурет: Top Rank

Қазастандық Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) 26 маусымдағы жекпе-жегін тамашалағысы келетіндер құны: 75 пен 400 доллар аралығындағы билеттерді ала алады екен, деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы Жәнібек келесі айқасын 30 жастағы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) өткізеді. Он раундқа есептелген кездесу 26 маусым Лас-Вегаста өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) жұдырықтасады.

"Жәнібектің жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты. Бағалары: 75 доллардан басталады. Ары қарай $125 (53 500 тг), $200 (85 600 тг), $300 (128 400 тг) және $400 (171 200 тг). Жекпе-жек 26 маусым Лас Вегаста өтеді", - деп жазылған Instagram желісіндегі боксшы командасының аккаунтында.

Қазақ боксшының қарсыласы 2018 жылы жапониялық Риота Муратаны (14-2, 10 КО) жеңгенімен белгілі. Осылайша, америкалық боксшы орта салмақта WBA белбеуін жеңіп алады. Дегенмен бір жылдан кейін жапониялық боксшы қарымта айқаста Брантты екінші раундта нокаутқа түсірген. 

Роб Брант кейінгі рет рингке былтыр тамызда шығып, украиналық Виталий Копиленконы (28-3, 16 КО) жеңген.

Ал Жәнібек былтыр қазанда жұдырықтасып, аргентиналық Гонсало Корионы (16-4, 6 КО) нокаутқа түсірген. 

Жаңалықтар