Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын өлтіріп қоюы мүмкін екенін ескертті

©Top Rank

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі қарсыласы - бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамға (38-5-0, 21 KO) ескерту жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ндам? Оңай жұмыс. Хассан, жүз пайыз дайын бол. Әлі екі аптаң бар. Сені бірінші раундта нокаутқа түсіргім келмейді. Бапкерлеріңе айт, орамалды уақытында рингке тастап үлгерсін. Сен өмір сүруің керек!", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport