Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі қарсыласы - бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикамға (38-5-0, 21 KO) ескерту жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ндам? Оңай жұмыс. Хассан, жүз пайыз дайын бол. Әлі екі аптаң бар. Сені бірінші раундта нокаутқа түсіргім келмейді. Бапкерлеріңе айт, орамалды уақытында рингке тастап үлгерсін. Сен өмір сүруің керек!", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.