"64 раунд спарринг қалды. Жекпе-жекке қызу дайындалып жатырмыз. Құдай қаласа келер апта қарсылас пен нақты күнді жариялаймыз ???? @janibek_alimkhanuly өз бабында!"- деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.
Жәнібек былтыр қарашада канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіргелі бері рингке шықпады. Боксшының жоспарыларына пандемия бөгет етті. Жақында Әлімханұлы чемпиондық титул үшін жоғары салмаққа өтуге дайын екенін айтқан.