Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшының командасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында келесі кездесуге қатысты қысқа, бірақ қызықты мәлімдеме жасады:
"Шешіліп қалды! Келісімшарт бойынша келіссіөз 2-3 күнде біту керек!Осы апта жариялайтын шығар! Зор жаңалық болады, бұйырса!".
Кейінгі рет Жәнібек Әлімханұлы сәуір айы Астанада шаршы алаңға шыққан болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы титулдарын сәтті қорғап, франциялықбоксшы Анауэль Нгамиссенгені (14–1, 9 KO) бесінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Жарнама