Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады.
"Жуырда, Иншааллах, төрт титулдың бәрін жинаймын. Жақында, өте аз қалды", - деп жазыпты ол X әлеуметтік желісінде.
Жекпе-жек сәуір не мамыр айы Қазақстанда өтеді деп жоспарланғаны айтылды. Бірақ оған дейін Томпсон 7 ақпан Шеффилдте (Англия) бір айқас өткізеді екен.