Жәнібек Әлімханұлы карьерасына қатысты жоспарымен бөлісті

instagram.com/janibek_qazaqstyle

Белгілі боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) карьерасы мен болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Америкада жүргенімізге 4 жыл болыпты. 11 жекпе-жекпен әлем чемпионына міндетті қарсылас атандық. Құдайға шүкір! Бекеңмен бірге бастаған тірліктің белортасына келіп қалдық. Бұйыртса әлем чемпионы белбеуін елге алып қайтамыз! Ол күнге де санаулы ай қалды! Жоспар көп, мақсат айқын! Бірлік бар жерде тірлік бар!, - деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында.

Еске салайық, Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жұдырықтасуы тиіс. Қос боксшы 28 наурызда промоутерлік сауданы бастап, келіскен жағдайда жекпе-жек үш айдың ішінде өтуі тиіс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар