Жәнібек Әлімханұлы "Канелоның" өзі қорқатын боксшының осал тұсын тапты

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) америкалық Дэвид Бенавидестің (30-0, 24 КО) кубалық Давид Моррелмен (11-1, 9 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Бұл айқас 1 ақпан күні Лас-Вегаста өтті. 12 раунд қорытындысы бойынша Бенавидес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады
Жәнібек Бенавидеспен жекпе-жек өткізгісі келтіндіктен бұл айқасты тамашалаған екен.
"Әрине, мен Баневидес пен Моррелдің айқасын көрдім. Мен өзім жұдырықтасқым келетін барлық чемпионның жекпе-жегін көремін, оларға баға беремін. Осы арқылы олардың стилін байқап, олар қай жағынан мықты екенін аңдаймын.
Бенавидес мықты жұдырықтасты. Бірақ салмақ түсіру оның күшіне әсер етті деп ойлаймын. Оған қуат жетпей жатты. Бұл салмақ түсірумен байланысты деген ойдамын", - деп береді Әлімханұлының сөзін Sports Illustrated.
Канелоның өзі "қорқатын" боксшы Альварес пен Жәнібек арасында таңдау жасады
Жарнама