Жәнібек Әлімханұлы "Канеломен" айқаспақ ниетте

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO белбеуіне ие Жәнібек Әлімханұлы екінші орта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шыққысы келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық бкосшы бұл туралы Твиттер әлеуметтік желісінде жазды. 

Жәнібектің ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы әлеуметтік желі арқылы жанкүйерлерден қандай жекпе-жекті қалайтындарын сұрап жазған еді. 

Міне осы кезде Әлімханұлы да: "Жәнібек vs "Канело" деп өз ниетін білдіріпті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport