| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 11:06
 

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен айқас жайлы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек Әлімханұлы Канеломен айқас жайлы мәлімдеме жасады © instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әйгілі мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әйгілі мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлімханұлы vs Канело

Қазақстандық боксшының айтуынша, мексикалық жұлдызбен қолғап түйістіру оның басты мақсаттарының бірі болып саналады. Ол бұл кездесу үшін салмақ дәрежесін көтеруге де әзір.

"Жәнібек пен Канело! Бұл жекпе-жек – менің мақсатым! Мен екінші орта салмаққа көтерілуге дайынмын! Көптеген жанкүйер де осы айқасты күтеді деп ойлаймын", – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазіргі таңда Жәнібек орта салмақта өнер көрсетеді. Бұл дивизиондағы салмақ шегі – 72,6 келі. Ал Канеломен жұдырықтасу үшін ол екінші орта салмаққа, яғни 76,2 келіге дейін көтерілуі қажет.

Канелоның келесі жекпе-жегі

Сауль Альварес рингке 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында оралады. Оның қарсыласы франциялық боксшы Кристиан Мбилли болады. Жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBC әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Бұл кездесу мексикалық боксшы үшін америкалық Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейінгі алғашқы айқас болмақ.

Әлімханұлының жағдайы

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған болатын. Соның салдарынан оның WBA чемпионы Эрисланди Лараға қарсы жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалды.

Кейін IBF ұйымы қазақстандық боксшыны әлем чемпионы атағынан айырып, 2026 жылдың желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетті. Сондай-ақ, ұйым оны өз рейтингінен алып тастады.

Ал WBO Әлімханұлын бір жылға дисквалификациялағанымен, чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Қазақстандық боксшының рингке қайта оралуына 2026 жылдың желтоқсан айынан бастап рұқсат беріледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!