Жәнібек Әлімханұлы жыл соңына дейін Мунгиямен жекпе-жек өткізуі қажет

Жәнібек Әлімханұлы. Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) жыл соңына дейін 24 жастағы мексикалық боксшы Хайме Мунгиямен (37-0, 30 КО) кездесуі қажет, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшыға мұндай мүмкіндік америкалық Роб Брандты (26-3, 18 КО) жеңгеннен кейін беріліп отыр. 

Кездесу алдында өткен ресми салмақ өлшеу рәсімінде Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум жеңімпаз жыл соңына дейін Мунгиямен шаршы алаңға шығатынын айтқан еді. Ал ол кездесудің жеңімпазы чемпиондыққа таласады. 

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы Брандты техникалық нокаутпен жеңді.