Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) алдағы жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетпек, деп хабаралйды Vesti.kz.
Жәнібек алдағы айқасын 13 мамыр Калифорниядағы "Стоктон-Аренада" канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы өткізеді. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген.
"Иншааллах, 13 мамыр рингте жыл нокауты болады. Мен дайын. Мен қазір басқа деңгейдемін. Жақында өздеріңіз көретін боласыздар!" - деп жазыпты Әлімханұлы Twitter желісінде.