Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген боксшыға қарсы дайындығын көрсетті

17 қыркүйек 2020 10:08

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне қалай жаттығып жатқанын көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 9 қазан Лас-Вегастағы The Bubble аренасында өтетін бокс кешінің андеркартына қойылды. Шоуды Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырады. 

Жәнібектің қарсыласы әзірге белгісіз, дегенмен, мұның алдында ол топ-15 тізімдегі жеңілмеген боксшы екені айтылған. 



Ал бұл шоудың басты жекпе-жегінде Эмануэль Наваррете (31-1, 27 КО) мен Рубен Вилье (18-0, 5 КО) WBC титулы үшін жұдырықтасады.

27 жастағы қазақ боксшы кейінгі рет былтыр қарашада АҚШ-тың Фресно қаласында жұдырықтасқан. Бұл жекпе-жекте Жәнібек канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген.

Жаңалықтар