Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазан айы қайнайын деп тұр", - деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желіде.
Алайда боксшы жекпе-жектің қайда өтетінін және қарсылас кім болатынын нақтыламапты.
Әлімханұлы қазіргі таңда АҚШ-та жүр. Ал бірнеше күн бұрын оны рекорды 16-0 болып келетін британиялық боксшы айқасқа шақырды.