Жәнібек Әлімханұлы хабарландыру жасады

Сурет: Top Rank Boxing©

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құрметті жанкүйерлер. Команда демалысқа шықты. Желідегі белсенділік төмендейді. Америкадамыз. 10-15 күннен соң жаттығуға қайта кірісеміз, бұйыртса! Қолдауларыңызға көп рақмет. Жеңісті күнде жүздесейік!" - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, Жәнібек кейінгі рет әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантпен (26-3, 8 КО) жекпе-жек өткізген. Сегізінші раундтан кейін Бранттың командасы айқасты жалғастырудан бас тартты.