Жәнібек Әлімханұлы Головкин салмағындағы чемпиондарға ескерту жасады

14 қыркүйек 2021 09:49
©Top Rank

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) өз дивизионындағы чемпиондарға сес білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы твиттер желісінде Джермалл Чарло (WBC чемпионы), Деметриус Андраде (WBO) және Риота Муратаның (WBA Super) суреттерінен коллаж жасап, титулдарын тартып алатынын мәлімдеді.

"Жігіттер менің титулдарым сендерде. Жуырда оларды алып кетемін. Оңай жұмыс! Мен орта салмақ патшасымын!", - деп жазыпты Жәнібек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport