Жәнібек Әлімханұлы енді қай боксшымен кездескісі келетінін мәлімдеді

©Top Rank

Орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Дензел Бентлиді жеңгеннен кейін енді қай боксшыға қарсы кездескісі келетінін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Орта салмақтағы кез-келген чемпионмен кездесуге дайынмын. Мен барлық белбеуді біріктіргім келеді", - деді Әлімханұлы жекпе-жектен кейін шаршы алаңда. 

Айта кетейік, отандасымыз бүгін Лас-Вегас қаласында Дензел Бентлиге қарсы кездесуде чемпиондық белбеуін қорғап, төрешілер шешімі бойынша 116-112, 116-112, 118-110 есебімен жеңіп, белбеуін сақтап қалды. 

Еске салайық, орта салмақта WBA Super және IBF белбеулері Геннадий Головкинге тиесілі. Ал WBC белбеуі америкалық Джермалл Чарлода. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport