Жәнібек Әлімханұлы экс чемпионмен айқасу үшін Лас-Вегасқа келді

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) кәсіпқойдағы 11-ші жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласына келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшының қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5, 21 КО). Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 21 қараша таңғысын өтеді. Елімізде бұл айқас тікелей көрсетіледі

Жәнібектің жекпе-жегі Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінің PPV-андеркардының бір бөлігі болады, ал кештің басты айқасы Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер (31-3-1, 17 КО) арасында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар