Жәнібек Әлімханұлы экс чемпионмен айқас алдында өте батыл мәлімдеме жасады

©boxingscene.com

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әлемнің экс чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-5-0, 21 KO) айқас туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек 20 қараша Лас-Вегаста өтеді - Қазақстан уақытымен 21 қараша таңғысын. Елімізде бұл айқас тікелей көрсетіледі

"Н'Жикам - жақсы боксшы, әлемнің бұрынғы чемпионы, оны құрметтеймін. Ол жақсы боксшылармен жұдырықтасқан, бірақ, мен өзгемін және мұны бәрі біледі.

Менің стилім бөлек - Qazaq, әлемдегі ең мықтысы. Бұл менің карьерамдағы ең жеңіл айқас болады, Иншаллах. Орта салмақта бір ғана патша бар, ол мен", - деп береді Жәнібектің сөзін The Ring.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар