Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) командасы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшының қанынан тыйым салынған зат анықталғаны 2 желтоқсанда белгілі болды.
"Ең бастысы біз тазамыз! Біз ешқандай қате мен кінә қателік кетпеді! Сол бұрынғы витаминдер мен бұрынғы мәзір! Қазір сараптаманың екінші қорабын ашуға өтініш жазылды, жауабын күтеміз!" - делінген мәлімдемеде.
https://t.me/vestisport/22665
Еске салайық, Әлімханұлы 6 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатында WBA чемпионы Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жек өткізуі тиіс еді, алайда, қазақстандықтың сынамасынан мельдоний анықталған соң Жәнібек жекпе-жекке шыға алмайтын болды.
Соған қарамастан, кубалық Лара шоуға қатысады, ал оның қарсыласы Венесуэла боксшысы Йохан Гонсалес (36-4, 34 КО) болады.