Бокс
11 наурыз 09:11

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылды

©Тұрар Қазанғапов/Vesti.kz

Халықаралық б окс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын (17-0, 12 KO) орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, IBF ұйымының қатаң ережелеріне сәйкес, кез келген чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс.

Ерденбековтің сөзінше, Жәнібек титулын 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы керек болған. Алайда боксшының 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейінгі дисквалификациясына байланысты бұл талапты орындау мүмкін емес.

Сол себепті 2026 жылдың 5 наурызында IBF директорлар кеңесі чемпиондық титулды бірден вакантты деп жариялау туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, дисквалификацияға қарамастан Жәнібек Әлімханұлы әлі де Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болып саналады. Ақпан айында WBO оны допинг сынамасының оң нәтижесіне байланысты бір жылға, яғни 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттеткен болатын. Ал Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы да спортшыны алты айға жекпе-жектерден шеттеді.

Жәнібек Әлімханұлы WBO-ның уақытша титулын 2022 жылдың мамырында жеңіп алып, кейін толыққанды чемпион мәртебесіне көтерілді. Ол бұл белбеуді бірнеше рет сәтті қорғады.

Ал IBF чемпиондық титулын қазақстандық боксшы 2023 жылдың қазан айында жеңіп алған. Сол жекпе-жекте ол жеңіліс көрмеген германиялық боксшы Винченцо Гуальтьерин нокаутпен жеңген еді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport