Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионымен айқас алдында бабына келді
©Top Rank
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі аптада өтетін жекпе-жегі алдында бабына келгенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) келесі аптада өтетін жекпе-жегі алдында бабына келгенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
20 қарашада Жәнібек әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-5-0, 21 KO) жұдырықтасады.
"Жанкүйерлер! Жылы пікірлеріңізді жазып, үнемі тілеулес боп жүресіздер. Қолдауларыңызға көп рақмет. Бұйыртса келесі апта жекпе-жек. 2 күн спарринг қалды. Салмақ тамаша. Жылдамдық пен күш те өз деңгейінде. Бұйыртса 20 қараша рингке шығуды асыға күтіп жүрміз!" - деп жазыпты ол Instagram желісінде.
Жарнама