Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) өзінің промоутері Боб Арумның мәлімдемесіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Top Ranк басшысы Жәнібек америкалық Роб Брантты (26-2, 18 КО) жеңген жағдайда, WBO титулы үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне жете алатынын айтқан.
"Бұл мотивация деп аталады", - деп жазыпты қазақ боксшы "Твиттер" желісінде, баспасөз мәслихатындағы видеоны жариялап.
Еске салайық, промоутер қазақстандық боксшыны жыл соңына дейін мексикалық Хайме Мунгиямен (37-0, 30 КО) жекпе-жекке шығару жоспарланып отырғанын да хабарлады.
Ал Әлімханұлы-Брант айқасы Қазақстан уақытымен 27-маусым Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтеді.
Украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) кардында өтетін жекпе-жек Қазақстанда тікелей көрсетіледі.