Жәнібек Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады

8 желтоқсан 2021 09:29
©Top Rank

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) кезекті рет чемпиондық мақсаты туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жуырда... Орта салмақта әлемнің жаңа чемпионы", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде. 

Мұның алдында Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлын орта дивизиондағы чемпион америкалық Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) міндетті қарсылас етіп тағайындаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport