Жәнібек Әлімханұлы айқасқа бір ай қалғанда мәлімдеме жасады

15 қыркүйек 2023 13:06
©Boxingscene.com

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) алдағы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы рингке 14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласында шығып, германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 KO) өзінікін және IBF титулын сарапқа салады. 

"Жекпе-жекке 1 ай қалды! Дайындық өте жоғары деңгейде. Көңіл күй тамаша! Қазақтың рухы биік болсын!", - деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар