Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0-0, 6 KO) америкалық Деонтей Уайлдерді (42-2-1, 41 КО) нокаутқа түсірген суперауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюриге тамсанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нақты айтқанда Жәнібек Фьюридің жетістігін қайталауға ниетті және болашақта ұлы боксшылар қатарына кіретініне сенімді.
Top Rank басшысы Боб Арум өзінің твиттерінде Фьюри және оның командасымен түскен суретін жариялап: "Сыған патшасын" (Фьюридің лақап аты) мақтан етемін. Міне жауынгер. Бұл жігіт пен Мұхаммед Алидің ісін жүргізгенім құдайдың сыйы ғой", - деп жазған екен.
Бұл постқа Әлімханұлы: "Жақында мен де сол деңгейде боламын", - деп жауап берген.