Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Қазақстанда өтетін титулды айқасы алдында жанкүйерлерге үн қатты, деп жазады Vesti.kz.
Жәнібектің қарсыласы франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО), ал айқас 5 сәуір Астанадағы "Барыс Аренада" өтеді деп жоспарланған.
"Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз!
Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! Бұйыртса 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз!
Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік!", - деп жазыпты Жәнібек Instagram желісінде.