Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Boxing Metrics нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік бес боксшысының қатарына енді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңартылған рейтингте Әлімханұлы бесінші орынға жайғасты. Айта кетерлігі, қазақстандық былғары қолғап шебері бұл тізімде Дмитрий Бивол мен Сауль Канело Альварес секілді танымал боксшылардан жоғары тұр.
Boxing Metrics нұсқасы бойынша топ-10 P4P рейтингі:
Наоя Иноуэ (32-0) — 0.990
Александр Усик (24-0) — 0.952
Теренс Кроуфорд (42-0) — 0.940
Шакур Стивенсон (25-0) — 0.936
Жәнібек Әлімханұлы (17-0) — 0.929
Дмитрий Бивол (24-1) — 0.927
Джай Опетая (30-0) — 0.924
Сауль Альварес (63-3-2) — 0.924
Джесси Родригес (23-0) — 0.897
Давид Бенавидес (31-0) — 0.889.
Жарнама