Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) мен бұрынғы әлем чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5, 21 КО) көз арбасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кездесу Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтеді. Бокс кешінің тікелей трансляциясы Qazsport арнасында, 21 қараша, жексенбі күні, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 07:00 басталады.
Жекпе-жек Top Rank ұйымдастырып жатқан PPV-андеркартының құрамына кіреді. Кештің бас айқасы Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен Шон Портер(31-3-1, 17 КО) арасында өтеді.