Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KО) франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-5, 21 KO) жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек таразыда 72,5 келі болды, ал Н'Жикам - 72.
72,6 келідегі 10 раундты бұл айқас Top Rank Лас-Вегаста ұйымдастыратын бокс кешінің кардында өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде америкалық Теренс Кроуфорд (37-0, 28 КО) пен отандасы Шон Портер (31-3-1, 17 КО) жұдырықтасады.
Бокс кеші Қазақстан уақытымен 21 қараша, таңғы 07:00-де басталады.
Жәнібек Әлімханұлының әлемнің экс чемпионымен айқасы Қазақстанда тікелей көрсетіледі