Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионының "маскасын сыпырып тастады"

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз дивизионында WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамес (24-1, 18 KO) туралы ойын ашық айтты, деп жазады Vesti.kz.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз дивизионында WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамес (24-1, 18 KO) туралы ойын ашық айтты, деп жазады Vesti.kz.
"Карлосты мүлде түсінбеймін! Менде екі титул бар және оны айқасқа шақырдым! Ол бас тартты. Енді ол Хамза Ширазбен жұдырықтасады. Тек ақша үшін. Адамес менен қорқады. Өйткені мен оны спаррингте сабадым", - деп жазыпты Әлімханұлы Х желісінде.
Еске салайық, Адамес 22 ақпанда Хамза Ширазбен айқасады. Бұл жекпе-жек Эр-Риядтағы Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол қарымтасының кардында өтеді.
Жарнама