Бокс
16 шілде 13:04

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын "жер қылды"

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) доминиканалық Карлос Адаместі (24-1-1, 18 KO) сынға алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібек пен Адамес арасында әлеуметтік желілерде біраздан бері сырттай текетірес жүріп жатыр: қос боксшы бір-бірін жекпе-жек ұйымдастырудан қашып жүр деп айыптап келеді. Алайда қос команданың әлі күнге дейін ортақ келісімге келе алмай жатқаны байқалады.

"Қорқақты көргендер бар ма? Көрсеңдер, келісімшартқа қол қойсын деп айтыңдар!" – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF чемпионы. Ал Адаместе осы салмақта WBC титулы бар.

Қазақстандық боксшы кейінгі рет 5 сәуір күні Астанада жұдырықтасып, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал Адамес рингке соңғы рет 22 ақпанда шықты. Ол кездегі британиялық Хамза Ширазбен (22-0-1, 18 KO) өткен жекпе-жек тең нәтижемен аяқталған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport