Бокс
10 қазан 14:38

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен жекпе-жек келісімшартына қол қойды

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBA белбеуіне ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титул біріктіретін жекпе-жегін өткізуге жақын, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек келісімі жасалды

Қазақстандық боксшының менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, Әлімханұлы айқас келісімшарына қол қойды. Енді жауапты 42 жастағы Лара тарапынан күтіп отыр.

"Біз барлық қазақстандықтар асыға күткен, орта салмақтағы жағдайды өзгертер тарихи жекпе-жекке келісім бердік. Жақын күндері промоутерлік компаниялар ресми хабарлама жасайды. Бізді үлкен шоу күтіп тұр.

Біздің басты мақсатымыз - төрт белбеуді біріктіру. Бұл жолдың жартысын еңсердік. Егер барлығы сәтімен болса, тарихта қалар сәт жақын. Біз бар күшімізді салып жатырмыз, жақын арада осы еңбектің жемісін көреміз. Осы тамаша жаңалықпен сіздермен алдын ала бөліскім келді!", - деп жазды Сұлтан әлеуметтік желіде.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport