Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Сиднейдегі жекпе-жек алдында WBO белбеуінен айрылып отыр.
Бұл бүгінгі IBF желісі бойынша міндетті қарсылас Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) жекпе-жек нәтижесіне қарамастан болып отыр.
Бокс шолушысы Бен Дэймонның мәліметінше, Михайловичтің командасы промоутерлік сауданы ұтып алып, IBF титулы ғана сарапқа салынады деп шешекен. Бірақ кейін Жәнібек жеңіске жетсе, WBO Әлімханұлының белбеуін сақтауға келіскен еді.
Алайда бүгінгі айқаста IBF белбеуі ғана сарапқа салынатын болыпты. Демек Жәнібек WBO титулынан айрылып отыр. Мұны Дэймон растап:
"Жаңа ғана екі тарап WBO титулы сарапқа салынбайтынын растады. Тек IBF белбеуі. Ал бұған дейін WBO мұндай жағдайда Жәнібектің белбеуі бос қалатынын хабарлаған еді" дейді.