Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0-0, 6 KO) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BoxingScene.com.
29 жастағы Әлімханұлының қарсыласы 37 жастағы франциялық Хассан Н'Дама Н'Жикам (38-5-0, 21 KO). Тегі камерундық боксшы орта дивизионда WBA және WBO чемпионы болған.
Мұның алдында Жәнібек 5 қараша Лас-Вегаста Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде рингке шығатыны белгілі болған еді. Ал бұл шодуың басты айқасында екінші жартылай жеңіл дивизионда WBO чемпионы Микаэла Майер (15-0, 5 КО) мен IBF титулына ие Майва Хамадуш (22-1, 18 КО) жұдырықтасады.