Америкалық белгілі менеджер Эгис Климас қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) жекпе-жегі туралы ресми жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында 28 жастағы қазақ боксшы келесі айқасын 30 жастағы америкалық Роб Брантқа (26-2, 18 КО) қарсы өткізетіні белгілі болған. Орта салмақтағы он раундқа есептелген жекпе-жек 26 маусым Лас-Вегаста өтеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко жапониялық Масаеши Накатанимен (19-1, 13 КО) жұдырықтасады.
Брант 2018 жылы жапониялық Риота Муратаны (14-2, 10 КО) жеңгенімен белгілі. Осылайша, америкалық боксшы орта салмақта WBA чемпионы атанған. Дегенмен бір жылдан кейін жапониялық боксшы қарымта айқаста Брантты екінші раундта нокаутқа түсірген.
"Бұл ресми 26 маусым ESPN арансында", - деп жазыпты Климас Instagram желісінде, Әлімханұлы - Брант айқасының афишасын жариялап.