Жәнібек Әлімханұлы 14 нокаут бар британиялықпен айқасқа шығады

23 қыркүйек 2022 10:03
©twitter.com/qazaqstyle

Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) WBO чемпионы атанғаннан кейін алғашқы қарсылас белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxingScene.com мәліметінше, ол британиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) болады.

"Жеңілмеген қазақстандық боксшы мен англиялық Дензел Бентли ESPN+ кешінің басты айқасында 12 раундтық жекпе-жек өткізу туралы келісімге келгені белгілі болды. Лас-Вегастағы бұл бокс кеші 12 қарашада өтеді. 

Бентли 160 фунтта WBO тұжырымынша чемпиондыққа үміткерлер арасында 14-орында тұр, бірақ, Әлімханұлы міндетті қорғау өткізбесе де болады", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport