Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) рингке оралатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 13 КО) қарсы өткізеді. Жекпе-жек 13 шілде Лас-Вегастағы бокс кешіне жоспарланған.
"Орта салмақтың патшасы оралуда. 13 шілде, сенбіде Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионының титулдарын Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жекте сарапқа салады", - делінген Top Rank-тың құлақтандыруында.