auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жаңаөзенде бокстан халықаралық турнир өтті

Жаңаөзенде бокстан халықаралық турнир өтті
©

2024 жылдың 8-12 маусым аралығында Жаңаөзен қаласы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде бокстан спорт ардагері, жаттықтырушы Ақылбек Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Дүбірлі додаға Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар бес күн бойы өзара мықтыны анықтады. 

Жарыстың ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде Олимпиада ойындарынын екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Әлем чемпионы Ердос Жанабергенов, Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов,  Азия ойындарынын күміс жүлдегері, Халықаралық спорт шебері Ерік Әлжанов, Олимпиада ойындарынын қатысушысы, Қарулы күштер арасындағы Әлем чемпионы Берік Әбдрахманов, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Маңғыстау облысынын бокс федерациясының өкілдері мен Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қатысты.

Жарыста 2010-2011 жылдары туған жастар 17 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.  Жарыс жеңімпазы атанған спортшыға арнайы белбеу тағылды.

Ауқымды турнирды ұйымдастыруға «Халық» қайырымдылық қоры мен  «Бірлік» қоғамдық бірлестігі демеушілік етті.

Айта кетейік, «Халық» қайырымдылық қоры бұған дейін Маңғыстау облысында  спорт инфрақұрылымын дамытуға үлес қосқан болатын. Сондай-ақ, осы қордың демеушілігімен 2025 жылға дейін Жаңаөзен қаласында үлкен спорттық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салыну жоспарланып отыр. Аталмыш қор есебінен салынбақшы кешенге 1 млрд теңге қаржы бөлінген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве
  • Пляжный футбол

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама