Бокс
22 маусым 2020 15:21

"Жаңалығым жағымсыз". Фируза Шарипова келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Қазан қаласында жаттығу жиынын өткізбейтіндіктен ресейлік Софья Очигавамен жекпе-жекке шыға алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Достар, жаңалығым жағымсыз! Коронавирус пандемиясына байланысты Қазанға уақытында бара алмай отырмын. Сондықтан Софья Очигавамен жекпе-жек кейінге шегеріліп отыр. 
Өкінішстісі, Софья келесі кездесуінде басқа қарсыласпен жұдырықтасады. Мән-жайды кейін айтамын... Қазанға жетуіме мүмкіндік жасай алатындар болса, директіме жазыңыздар", - депті Фируза Шарипова. 

Еске салайық, Шарипова 15 сәуірде карьерасын қайта жалғастыратынын хабарлады. Одан жарты жыл бұрын ол қаржылық қиындықтардан жалыққандықтан бокстан кететінін мәлімдеген еді.

Шарипова - Очигова қарымтасы 4 шілде RatelProFight промоутерлік компаниясы Қазанда ұйымдастыратын бокс кешінде өту керек болатын. Он раундты жекпе-жекке ресейлік боксшының IBA титулы сарапқа салынбақ болатын. 

Айта кетейік, кездесу бұған дейін де шегерілген - бастапқыда 19 маусымда өтеді делінген. Ол кезде Фируза Шарипова карантин жағдайында жаттығу қиын екенін айтып, кейінгі шегеруін сұрапты.