Qazaq Promotions компаниясының YouTube арнасында жарияланған видеосында боксшы жаттығулары жайлы айтып берді.
"Qazaq Promotions басшысымен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдауында болдық. Бұл біз үшін үлкен абырой, шабыт береді. Бәрін жинастырып тауға келгенімізге 10 күндей болды. Келесі жекпе-жегіміз қазан айының жиырма алтысына жоспарланып отыр. Сондықтан жауапкершілік үлкен. Сонымен бірге, Америкадан менің бұрынғы промоутерім Нельсон Лопес мырза келіп отыр. Алда үлкен жоспарлар бар", - дейді боксшы.
5 шілде Алматыда 34 жастағы Ислам доминикандық Хулио де Хесусті (28-2, 27 КО) бірінші раундта нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO International белбеуін жеңіп алған. Осыдан кейін қазақстандық боксшы ұйым рейтингінің ТОП-10 рейтингіне кірді.
Еске салайық, Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейін орта салмаққа өткен - соңғы рет боксшы 2017 жылы бірінші орта дивизионда жұдырықтасқан.