| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 10:47
 

Жаңа салмаққа бейімделмеді. Қазақ пен өзбек чемпионның айқасы нокдаунмен бітті

  Пікірлер

blog.share

Жаңа салмаққа бейімделмеді. Қазақ пен өзбек чемпионның айқасы нокдаунмен бітті ©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов Қытайдың Гуйяң қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогындағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов Қытайдың Гуйяң қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогындағы екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалдық кездесуде қазақстандық былғары қолғап шеберіне Өзбекстанның әлем чемпионы Жавохир Умматалиев қарсы тұрды.

Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің басым бөлігі өзбекстандық боксшыға басымдық берді — 4:1.

Екінші раундта Аққалықов есеп айырмасын қысқартуға тырысқанымен, қарсыласының дәл соққысын өткізіп алып, нәтижесінде төреші оған нокдаун санады.

Шешуші раундта қазақстандық боксшы шабуылды үдетіп, бірінші нөмірмен жұмыс істей отырып кездесудің тағдырын өзгертуге күш салды. Дегенмен төрешілердің шешімімен жеңіс Жавохир Умматалиевтің еншісінде қалды.

Осылайша, өзбекстандық спортшы турнирдің ширек финалына жолдама алса, жаңа салмақ дәрежесінде дебют жасаған Сабыржан Аққалықов жарысты аяқтады.

Айта кетейік, Аққалықов 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2026 жылғы Азия чемпионы және 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы болып табылады.

World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында Гуйяң қаласында өтуде. Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік боксшылар қатысып жатыр.

Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 17 спортшыны қосқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!