Қазақстандық боксшы Назым Кызайбай World Boxing ұйымдастыруымен өтіп жатқан 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның алғашқы қарсыласы түркиялық Айсен Таскин болды.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша раундтар есебі 5:0, 4:1, 4:1 болып, Назымның пайдасына шешілді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Назым Кызайбай жарыстың 1/8 финалына жолдама алды. Отандасымыз жаңа салмақта бақ сынап жатыр.
Еске салсақ, бокс бойынша Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан бұл жарысқа 16 боксшы жіберген.
Жарнама