Жапонияның Rizin аралас жекпе-жек лигасы 29 желтоқсандағы турнирді кейінге шегерді. Бұл Токиодағы Saitama Super Arena шаршы алаңында орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және WBA Super титулына ие Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жектің өтуіне байланысты болды, деп хабарлайды asianmma.com.
Сонымен бірге, БАҚ мәліметінше, бұл жекпе-жек себебінен осы спорттық нысанда тойланатын дәстүрлі жаңа жылдық шоу да өтпейтінге ұқсайды.