"Жаңа Головкин" атанып кеткен қазақ боксшыға айқасқа үш күн қалғанда жаңа қарсылас берді

©instagram.com/sultanzaurbek

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (15-0,11 КО) 10 қараша рингке оралады. Ол Ұлыбританияның Брайтон қаласындағы Brighton Centre аренасындағы бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, Сұлтанның қарсыласы аргентиналық Серхио Мартин Соса (13-3, 3 КО) болады.

Бұған дейін қазақстандық боксшының қарсыласы никарагуалық Элиесер Антонио Кесада (24-16-3, 9 КО) болатыны хабарланған еді. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жекке қазақстандық боксшы Шотландия астанасы Эдинбургте дайындалды. Сұлтан кейінгі кездесуін де сол жерде өткізіп, испаниялық Джон Картерді (15-1-1, 7 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірген. Осы жеңістен кейін WBO European белбеуін жеңіп алған Сұлтанды атақты отандасы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) теңей бастады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар