Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбектің (16-0, 12 КО) болашағына қатысты болжамын айтты.
"Сұлтан бабында жүр. Ол қарсыластарын бірінен кейін бірін нокаутқа түсіруде. Жекпе-жек өткізу жиілігі мен қарсыластарының деңгейі жыл сайын артып келеді. Егер қазақстандық боксшы осы екпінін сақтаса, келесі жыл чемпиондық жекпе-жекке шығуы әбден мүмкін. Жалпы ол тамаша жұдырықтасады және Ұлыбританияда танымал. Меніңше, оны пайдалы актив деп есепетейді де, оған қаржы салуды жөн көреді. Ол чемпион атануы әбден ықтимал", - дейді Смит.
Айта кетейік, биыл Сұлтанды атақты отандасы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) теңей бастады.